Қазан айында тамақтанудың сапасына мониторинг 2021-2022 оқу жылы
Қазан айында тамақтанудың сапасына мониторинг
2021-2022 оқу жылы
№ 1 мектеп- гимназияның 2018 жылдың қазан айында шыққан № 144 бұйрығын орындау мақсатында бракераждық комиссиясы тамақтандыру сапасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.
Комиссия мүшелері:
Абишева Э.А. – мектеп директоры;
Искакова З.Е. – ДОІЖО;
Байқұл А.Т. – ДТІЖО;
Малибекова Н.Э. – қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
Мулдабаева Л. – мектеп медбикесі;
Каналбаева Н.Ө – әлеуметтік педагог;
Ақниет А.И– әлеуметтік педагог;
Тексеру барысында алынған басты сұрақтар: аз қамтылған оқушылардың «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша құжаттарының жүргізілуі, ас мәзірінде ұсынылған тағамдардың сапасын тексеру жұмыстары.
2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша құжаттарының жүргізілуі. Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8- бабының 4-1 тармағына сәйкес бұйрығында, білім алушы балаларға тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалардың жалпы ережелері мен міндеттері» бойынша және «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша атқарылады.
2021 жылдың қантар айында бұйрық бойынша ыстық тамақпен қамтылған оқушылар биылғы 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айының 2 күнінен автаматты түрде тамақтануды жалғастырды.
Ыстық тамакпен қамтылуға құқығы бар бірінші сыныпқа келген оқушылардан және басқа сынып оқушыларының ата – аналарынан мемлекеттік стандарт бойынша құжаттар тамыз айында қабылданды. Нәтижесінде барлығы 1 сыныптан 30 оқушы, 2 сыныптан 29 оқушы, 3 сыныптан 36 оқушы, 4 сыныптан 24 оқушы, 5 сыныптан 26 оқушы, 6 сыныптан 14 оқушы, 7 сыныптан 26 оқушы, 8 сыныптан 13 оқушы, 9 сыныптан 8 оқушы тамаққа құжат тапсырды.
Сонымен автаматты түрде ішетін балалар тізіміне жаңадан қосылған балаларды қосып, кеткен балаларды есептей келе мектепте тегін ыстық тамақпен 2021-2022 оқу жылында 206 оқушы ыстық тамақпен қамтылды.
Әлеуметтік санаты бойынша тізімдегі балалар:
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан - 9 оқушы;
Мүгедек балалар арасынан - 3 оқушы;
Ата-анасы мүгедек балалар арасынан – 6 оқушы;
Қамқорлық кеңесінің шешімі бойынша - 1 оқушы;
Аз қамтылған толық емес отбасынан – 31 оқушы;
Аз қамтылған көпбалалы отбасынан – 60 оқушы;
Аз қамтылған (отбасында 1-3 балаға дейін) отбасынан – 27 оқушы;
Сыныптар бойынша жіктегенде тізімдегі балалар:
- 1 сыныптардан - 30 оқушы;
- 2 - 4 сыныптардан – 89 оқушы;
- 5 – 9 сынып арасынан - 87 оқушы.
Барлық оқушылар екі ауысым кезінде, белгіленген кесте бойынша үзілісте тамақтанады. Бірінші ауысымда – 71 оқушы, екінші ауысымда – 135 оқушы тамақтанады.
Ас мәзірінде ұсынылған тағамдардың сапасын тексеру жұмыстары.
Асханада әлеуметтік педагогтар балалардың тамақтануын қадағалайды. Мектеп медбикелері ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның сапасын және асхананың, ас бөлменің тазалығын санитарлық талаптарға сай қадағалап, тексереді және күнделікті дайындалған тағамның бір порциясын тоңазытқышқа алып қояды. Ас мәзірінде ұсынылған тағам сапасы қанағаттанарлық. Азық түліктер сапасы және қолдану мөлшері (гр.) нормаға сай. Азық түліктер сақтайтын қоймасының санитарлық талаптарға сай.
Асхана бұрышында күнделікті ішетін ас мәзірі мен тамақтану кестесі және кезекшілік кестесі тұр. Тілектер мен ұсыныстар журналы өз уақытында толтырылып жүргізілуде. Ыстық тамақ ұйымдастыру жұмыстары бойынша барлық құжаттар уақытылы орындалып жинақталды.
Посмотреть онлайн файл: monit-za-oktjabr.docx
Посмотреть онлайн файл: monit-za-oktjabr.docx