Желтоқсан айында тамақтанудың сапасына мониторинг 2021-2022 оқу жылы
Желтоқсан айында тамақтанудың сапасына мониторинг
2021-2022 оқу жылы
№ 1 мектеп- гимназияның 2021 жылдың желтоқсан айында № 144 бұйрығын орындау мақсатында бракераждық комиссиясы тамақтандыру сапасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.
Комиссия мүшелері:
Искакова З.Е. – ДОІЖО;
Мамедова Б.Х. – ДТІЖО;
Малибекова Н.Э. – қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
Жайшибекова Д.У. – ата – аналар комитетінің төрайымы;
Мулдабаева Л.Ж. – мектеп медбикесі;
Каналбаева Н.Ө. – әлеуметтік педагог;
Ақниет А.И.– әлеуметтік педагог;
Лесбек А.С. – әлеуметтік педагог.
Тексеру барысында алынған негізгі сұрақтар: Санитарлық талаптардың орындалуы, асхананың және ас әзірлейтін асхана бөлігінің жұмысы, азық – түліктердің сапасы, қоймада сақталуы.
Санитарлық талаптардың орындалуы. Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тамақтануды ұйымдастыруға барлық қажетті құрал жабдықтар бар. Тамақ пісіретін плиталар, еттурағыш, турайтын үстелдер, тоңазытқыштар, азық-түлік және ыдыс- аяқ сақтайтын шкафтар мен сөрелер, ыдыс аяқ жуатын раковиналар, ыдысты кептіретин сөрелер, және де қол жуатын раковиналар. Барлық аты аталған жабдықтар мен құрал саймандар нөмерленген, таза және өз орнында.
Азық – түліктердің сапасы, қоймада сақталуы. Азық – түліктердің сапасы қанағаттанарлық. Асхана қоймасында керекті жабдықтар мен сөрелер бар. Бірінші қоймада сөрелерде өз орындарында азық – түліктер тұр: макарон, қарақұмық, бұршақ, қапшықтармен қант, өсімдік майы, кашалар, тұз бен дәмдеуіштер тұр. Екінші қоймада: бір қап картоп, бір қап пияз, жарты қап сәбіз және капуста бар.
Тоңазытқышта сиыр еті, тауық еті, сары май және балқытылған ірімшік тұр. Пайдаланатын азық – түліктерге қажетті сертификаттары бар. Ас мәзірі бойынша күнделікті тағамдар әзірленеді: ыстық сорпалар,салаттар, екінші қою тағам түрлері, нан, шәй, компот, әр түрлі сусындар. Тағамның сапасын анықтау мақсатында екі аусымда да медбике дәмін көріп, рұқсатын береді.
Азық – түлік сақтайтын қойма
Қорытынды:
Мониторинг қорытындысы бойынша мектеп асханасының тамақтануды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- Асхананың және ас әзірлейтін асхана бөлігінің жұмысы белгіленген уақытысында жұмыс атқарады. Мектеп асханасы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай.
- Азық – түліктердің сапасы қанағаттанарлық. Асхана қоймасында керекті жабдықтар мен сөрелер бар.
- Тағам сапасын анықтау мақсатында мектеп медбикесі мен әлеуметтік педагогтар тамақ сапасын анықтап,дәмін көріп отырады.
Посмотреть онлайн файл: monit-za-dekabr.docx
Посмотреть онлайн файл: monit-za-dekabr.docx