Қараша айында тамақтанудың сапасына мониторинг 2021-2022 оқу жылы
Қараша айында тамақтанудың сапасына мониторинг
2021-2022 оқу жылы
№ 1 мектеп- гимназияның 2021 жылдың қараша айында № 144 бұйрығын орындау мақсатында бракераждық комиссиясы тамақтандыру сапасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.
Комиссия мүшелері:
Искакова З.Е. – ДОІЖО;
Мамедова Б.Х. – ДТІЖО;
Малибекова Н.Э. – қамқоршылық кеңесінің төрайымы;
Жайшибекова Д.У. – ата – аналар комитетінің төрайымы;
Мулдабаева Л. – мектеп медбикесі;
Каналбаева Н.Ө. – әлеуметтік педагог;
Ақниет А.И. – әлеуметтік педагог;
Лесбек А.С. – әлеуметтік педагог.
Тексеру барысында алынған негізгі сұрақтар: Санитарлық талаптардың орындалуы, буфеттік тағамдардың сапасы, жеке кәсіпкердің жалға алып отырған асхананы жабдықтауы.
Санитарлық талаптардың орындалуы. Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тамақтануды ұйымдастыруға барлық қажетті құрал жабдықтар бар. Тамақ пісіретін плиталар, еттурағыш, турайтын үстелдер, тоңазытқыштар, азық-түлік және ыдыс- аяқ сақтайтын шкафтар мен сөрелер, ыдыс аяқ жуатын раковиналар, ыдысты кептіретин сөрелер, және де қол жуатын раковиналар. Барлық аты аталған жабдықтар мен құрал саймандар нөмерленген, таза және өз орнында.
Аспазшылар арнайы ақ халат және орамал тағып жұмыс жасайды. Қолдарын жылы сумен жуып турады. Дастархан уақытылы жайылады. Асханада әлеуметтік педагогтар балалардың тамақтануын қадағалайды. Мектеп медбикелері ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның сапасын және асхананың, ас бөлменің тазалығын санитарлық талаптарға сай қадағалап, тексереді және күнделікті дайындалған тағамның бір порциясын тоңазытқышқа алып қояды. Ас мәзірінде ұсынылған тағам сапасы қанағаттанарлық. Азық-түліктер сапасы және қолдану мөлшері (гр.) нормаға сай. Азық - түліктер сақтайтын қоймасының санитарлық талаптарға сай.
Буфеттік тағамдардың сапасы. Асханада буфеттік тағамдардың сапасын тексеру барысында анықталғаны: мектеп асханасында талапқа сай буфеттік тағамдар сатылады. Сатылымда: бәліштер (пироги без крема), тоқаштар (булочки с начинкой и без начинки), коржиктер, компот, шәй..
Мектеп асханасында тамақтану оқушылар санынын диаграммасы бір қалыпты
Диаграммада көрсетілгендей, №1 мектеп-гимназияда буфеттік тамақтану 100% қамтылып отыр, мектептегі аз қамтылған оқушылар санына байланысты тегін ыстық тамақпен қамтылу пайызы мектептегі жалпы оқушылар санынан шығып есептеліп тұр.
Посмотреть онлайн файл: monitornig-za-nojabr-3.docx