25
декабрь
2019
№1 мектеп - гимназиясында бүгін "Жаңа жылды бірге тойлайық" атты мерекелік іс- шара




№1 мектеп - гимназиясында бүгін 25.12.2019 ж үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі оқушылар мен тұл жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға "Жаңа жылды бірге тойлайық" атты мерекелік іс - шара әлеуметтік педагогтардың ұйымдастыруымен өтті.Балалар назарына шағын концерт көрсетілді.Балалар мен олардың ата- аналардың құрметіне мерекелік дастарханды жеке кәсіпкер Ж.Д Аманжолова жайды.Аяз ата мен ақшақар балаларға жылы тілек лебіздерін білдіріп,балаларға жаңа жылдық силықтарын таратты.Балалар тақпақтары мен әндерін айтып, көрермендердің көңілін жаулады.Әлеуметтік педагогтар: Л.Молдашева, М.Досыбаева, А.Шаханрва балаларға қуаныш силаған демеушілерге: Ж. Аманжолова, Н.Темірбеков, Н.Малибекова, Н.Мырзатай және А.Әбілқасымға үлкен рахметін білдіреді.