14
январь
2019
Аудан Әкімінің Жаңа Жылдық шыршасы
27 желтоқсан күні мектебімізде Аудан әкімінің шыршасы аталып өтілді. Көңілді кешке аудандағы барлық мектептерінен көп балалы, аз қамтамасыз етілген балалар жиналды. Бал бөбектердің басын қосқан мерекеге аудан бойынша 100 оқушы қамтылды. Олардың ішінде мектебімізден аз қамтылған 16 оқушы қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімі Көпбосынов Бахтияр Бейсембайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысқан барлық оқушыларға түрлі сыйлықтар беріп, тәтті толы қорапшалар таратты.
Мерекеге жиналған көпшілік оқушыларға арнап ертегілер әлімінен сыр шертетін түрлі қойылымдар қойып, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Балалардың әрқайсысы кештен тамаша әсер алып, өзіне лайықты сый-сияпатқа ие болды. Салтанатты шара ұйымдастырушылары балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушылар да мерекелік кеш тек салтанатты шара ғана емес, танымдық бағытта өткізілген мәдени шара дейді. Балаларға арналған мәдени іс-шара ұнады. Өз кезегінде ата-аналар да жыл сайын ұйымдастырылатын шараға алғыстарын білдірді. Кеш қонақтары дәстүрлі түрде Аяз Ата мен Ақшақарды күтіп алып, шырша жақты. Балалар ойындарға белсене қатысты. Барша қауым мерекелік күйге бөленіп, мәз болып тарқасты.