Мектеп асханасы » "Школа-гимназия №1 имени Ш.Муртазы" Жуалы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп - гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 352-13-38
Есепші бөлімі:
+7(726) 352-13-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
февраль
2019

Мектеп асханасы

Жуалы аудан әкімдігінің білім бөлімінің
«№1 мектеп-гимназия» КММ-де ыстық тамақты ұйымдастыру туралы

Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру жұмыстары Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына және «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына және «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13-сәуірдегі №198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 684 бұйрығы 5 - қосымшасына сәйкес атқарылады.
№1 мектеп-гимназияда 2019 жылдың 1 ақпан күнінен бастап тұл жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар санатынан барлығы 140 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Әлеуметтік санаты бойынша тізімдегі балалар:
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан - 15 оқушы;
Мүгедек балалар арасынан - 3 оқушы;
Аз қамтылған толық емес отбасынан – 31 оқушы;
Аз қамтылған көпбалалы отбасынан – 64 оқушы;
Аз қамтылған (отбасында 1-3 балаға дейін) отбасынан – 27 оқушы;
Сыныптар бойынша жіктегенде тізімдегі балалар:
- 1 сыныптардан - 14 оқушы;
- 2 - 4 сыныптардан – 63 оқушы;
- 5 – 11 сынып арасынан - 63 оқушы.
Барлық оқушылар екі ауысым кезінде үлкен үзілісте тамақтанады. Бірінші ауысымда – 37 оқушы, екінші ауысымда – 103 оқушы тамақтанады.
Асханада әлеуметтік педагогтар күнделікті балалардың тамақтануын қадағалайды. Мектеп медбикелері ас мәзірі бойынша дайындалған тағамның сапасын және асхананың, ас бөлменің тазалығын санитарлық талаптарға сай қадағалап, тексереді және күнделікті дайындалған тағамның бір порциясын тоңазытқышқа алып қояды.
Асхана бұрышында күнделікті ішетін ас мәзірі мен тамақтану кестесі және кезекшілік кестесі ілініп тұр. Ыстық тамақ ұйымдастыру жұмыстары бойынша барлық құжаттар уақытылы орындалуда.






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив