«Қамқорлық» акциясы » "Школа-гимназия №1 имени Ш.Муртазы" Жуалы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп - гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 352-13-38
Есепші бөлімі:
+7(726) 352-13-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2019

«Қамқорлық» акциясы

№1 мектеп-гимназияның 2019 жылдың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында дәстүрлі республикалық «Қамқорлық» акциясын өткізгендігі туралы

МӘЛІМЕТ

№1 мектеп-гимназиясы, Сізге Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің шығыс хатына сәйкес атқарылған іс-шаралар туралы төмендегідей мәлімдейді.
Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ, әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ қиімдерінің, азық-түлік, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша төмендегідей іс-шаралар атқарылды.
Әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары мақсатында мектептің негізгі фойесінде арнайы акцияның басталуы туралы ақпараттық стенд дайындалды, қайырымдылық жасауға арналған жәшік қойылды. Мектеп ұжымына хабарландыру жасалып, мектепте есепке алынған тұрмыс жағдайы төмен оқушыларға материалдық көмек көрсету мақсатында жеке кәсіпкер, шаруашылық басшыларымен үндеу насихат жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмысы төмен отбасылардың үйлерін аралау жұмыстары жүргізілді. Жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан материалдық көмек көрсету бойынша мектептегі 105 оқушыдан құжаттар жинақталды. Сонымен қатар, «Жақсылық – жан шуағы» атты дөңгелек үстел ұйымдыстырылып, өткізілді. Аудандық «Жаңа өмір» газетінің 1 ақпандағы 8 нөміріне «Жақсылық – жан шуағы» тақырыбында мақала жарияланды.
Акция аясында №1 мектеп-гимназия ұжымы мектептегі аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінде аса көмекке мұқтаж 3 оқушыға қыстық күрте және 3 оқушыға қыстык етік, 2 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын алып беріп, көмек көрсетті.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив