Аудан орталығында Республикадан бастау алған тал егу акциясы өтті
Аудан орталығында Республикадан бастау алған тал егу акциясы өтті. Дәстүрге айналған тал егу акциясына №1 мектеп-гимназиясының Абишева Эльмира Абиловна бастаған бір топ ұстаздары да белсенділікпен атсалысты. Жыл сайын көктем және күз айларында өтетін акцияның негізгі мақсаты– ауыл келбетін көркейту, көгалдандыру. Мектебіміз, нақты айтқанда, 200 түп ағашын отырғызып, сауапты іске себепкер болды. «Бабалар еккен шынарды, балалар саялайды» демекші, болашақта осы егілген ағаштар жайқалып өсіп, ұрпақ игілігіне жарары сөзсіз.