03
октябрь
2019
№1 мектеп-гимназиясында Республикалық «Эко сағат» кең көлемді акциясы өтті.









2019 жылғы 3 қазанда еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде Республикалық «Эко сағат» кең көлемді акциясы өтті. Аталған іс-шараға № 1 мектеп-гимназияның оқушылары да шет қалмай, ат салысты. Білім беру мекемемізде өткізілген «Эко сағат» акциясында аудан әкімі Ергебеков Нарбай Әбілқасымұлы, білім бөлімінің басшысы Айжанов Мәжит Мамытұлы қонақта болды. Оқушылар келген қонақтармен бірге көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, мектеп ауласына ағаштар отырғызды.
Жуалы жерінің сай — салалы мөлдір бұлаққа өте бай, әсем де көрікті өлке екендігін сөз ете келе, аудан әкімі, оқушыларды игі іске шақырды.