“Шетте жүрген бауырларға”
Қазақ тілі мен әдебиеті айлық жоспарына сәйкес қазақ әдебиеті пәні Сынып: 10”Б” Мұғалімі: Утегенова Н.Ж Тақырыбы: Оразақын Асқар “Шетте жүрген бауырларға” өлеңі Топырақ пен жусанның қазақ үшін маңызын түсіндіру арқылы басталған сабақ жаңашыл үлгіде жалғасын тапты. Оқушылар тақырып аумағында өз ойларын жеткізіп , жан - жақты талдады . Бағалауда ұлттық құндылық дәріптеліп , қазақтың қоржыны мен асығы қолданылды. Ұстазға шығармашылық табыс тілейміз.