«Қасиет қонған білім ордасы»
Міне,биыл алтындай қымбатты, білім мен тәрбиенің ошағына айналған аяулы мектебімізге 100 жыл! Бұл-үлкен қуаныш,зор мәртебе! Осынау 100 жыл ішінде мектебіміз қаншама түлекті ұядан ұшырып,қияға қанат қақтырып келеді. Осы орайда мектептің мерейтойына 10-сынып оқушылары арасында «Қасиет қонған білім ордасы» тақырыбында шығармашылық жұмыс жүргізілді. Шәкірттер өз мектебінің жетістігімен мақтан ете отырып, жүрекжарды тілектерін де білдіріп кетті. Мерейтойың құтты болсын мектебім!!!