24
февраль
2019
Қазақстан - мейірімділік мекені
2019 жылдың 21 ақпан күні мектебіміздің тәлімгері Оспанова Зарина 3-4 сынып оқушыларымен «Қазақстан - мейірімділік мекені» («Казахстан - территория добраты») атты республикалық балалар бастамасы аясында жануарларды қорғау мақсатында «Құстар біздің досымыз» атты акция ұйымдастырды.
Бұл шарада бастауыш сынып оқушылары белсенділіктерін танытты. Өлкемізде мекен ететін құстар жайлы сыныптастарына қызықты мағлұматтар беріп, өлеңдер оқыды. Жастары кіші болса да мағынасы тереңде жатқан, үлкен адамдарға сабақ болатын іс жасады. Құстар ұясын ұстаған бір топ оқушылар орталық саябаққа барып, құстарға арналған жемсауықтарын және ұяларын іліп, естелікке суретке түсті.
Балалар кітапхнасынан құстар туралы мағлұматтар алды.