
"Рухани жаңғыру" офисының "Тәрбие және білім" кіші бағдарламасы бойынша офис менеджері Сейдалиева Эльвира Ермекқызы және "Жастар ресурстық орталығы" мекемесімен бірлесе ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22 ақпан күн №15 мектеп лицейінде Облыстық "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілер байқауының аудандық деңгейдегі іріктеуі өтті.
Байқауға оқушылар 3 жас санат (9-10 жас, 11-12 жас, 12-14 жас) бойынша қатысты.

Қатысушы оқушылар "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында жетекшісінің көмегінсіз өз туындыларын жасап шықты .

Жеңімпаз оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталып, 6 жеңімпаз облыстық байқауға жолдама алды.
Осы байқауға мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
✔️Қайратқызы Камилла (11-12 жас) ~ БАС ЖҮЛДЕ
✔️Рахманқұл Әлия (9-10 жас) ~ 2 ОРЫН
✔️Жолшыбек Арайлым (13-14жас) ~ 2 ОРЫН.
:winked: Құттықтаймыз! Шығармашылықтың биік шыңдарынан көріне берулеріңізге тілектеспіз!