11
февраль
2021
ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА✅ ТЕМЕКІ ШЕГУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗИЯН?
ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА✅ ТЕМЕКІ ШЕГУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЗИЯН?
Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:
... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады.
Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді.
Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады.
Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.