"Тұлға" ОҒҚ 2019-2020 оқу жылының жарты жылдық жетістіктері » "Школа-гимназия №1 имени Ш.Муртазы" Жуалы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп - гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(726) 352-13-38
Бухгалтерия
+7(726) 352-13-38
Версия для
слабовидящих
» » » "Тұлға" ОҒҚ 2019-2020 оқу жылының жарты жылдық жетістіктері
15
январь
2020

"Тұлға" ОҒҚ 2019-2020 оқу жылының жарты жылдық жетістіктері











№1 Мектеп-гимназияның ғылыми әдістемелік жұмысының жоспарына сәйкес дарынды балалардың және оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы ұйымдастырылған.2018-2019 оқу жылында мектеп мұғалімдерінің жетекшілігімен 15 оқушы , ғылыми жоба жазып шығарды . Жалпы мектепте мектеп директорының бұйрығымен дарынды балалардың жұмысы тиімді жүргізілу мақсатында  3 буынға бөлінген . Ол бастауыш буын «Біздің жұддыздар», 5-8 сыныптар арасында орта буын   «Өзің жаса», 9-11 сынып арасында жоғарғы буын «Өз жолыңды таңда» . «Тұлға» оқушылар ғылыми қоғамының жұмысын жетілдіру және ғылыми жұмыспен айналысуға қолайлы жағдай жасау мақсатында  топтар құрылған. 

            Дарынды балалармен жұмысты жақсарту мақсатында мұғалімдермен «Дарынды балалармен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жүргізу » тақырыбында семинар өткізілді . 

          «Тұлға» ғылыми қоғамының секцияларында оқушылар интелектуалдық марафондарға ,  байқауларға , олимпиадаларға қатысып , мектеп оқушылары жетістікке жетіп отырады. 2019-2020 оқу жылының жарты жылдық қорытындысы бойынша 2018-2019 оқу жылының аудандық жобалар байқауының қорытындысы бойынша  4 жоба ғылыми жобаларды қорғаудың облыстық турына жіберілген болатын. Облыстық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы бойынша 4 жобада жүлделі орындарды иеленді.

Олар: Өмірбекова Аружан 1 орынды иеленіп Республикаға жолдама алды.Өлкетану секциясы ,жетекшісі Кадырова Самал Орынбасаровна.,Мажитов Абдурахмон химия пәнінен, жетекшісі Цепкова Ольга Александровна , Жақсылықова Шолпан 3 орын, секциясы ағылшын тілі , жетекшісі Аманбаева Самал . Жумамурат Диана Алғыс хат, жетекшісі Қрықбаев Нұрсұлтан Диханович. 

      Мамедова Натаван 10 сынып оқушысы Республикалық «Позитивно-правильный выбор во всём – мой жизненный принцип» эссе байқауының жеңімпазы, жетекшісі Урджигитова Айгуль Жумашевна.

        Өмірбекова Аружанды дайындаған жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі  Кадырова Самал Орынбасаровна облыстық білім басқармасы бастығының у.қ.а. Бекбатырова Жамиля Елеувнаның грамотасымен марапатталды.

      2019-2020 оқу жылында дарынды балармен жұмысты жетілдіру мақсатында ТарМУ , ТарПИ дің ғылыми орталығымен келісім шартқа отырып , институт мұғалімдерімен бірігіп жұмыс жасалынуда , келесі 2020-2021 оқу жылына кемінде 10 жоба облыстық жарыстан  жүлделі орындарды иелену жоспарлануда .

      Ғылыми қоғамның бірден бір жұмысы олимпиада болып табылады. 2019-2020 оқу  жылының облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша 3 орынды иелендік .

          11 сынып оқушысы  Грин Валентина орыс тілі пәнінен 3 орынды иеленді ,жетекшісі Урджигитова Айгуль Жумашевна, 11 сынып оқушысы Цой Анжелика қазақ тілі пәнінен 3 орынды иеленді, жетекшісі Ергебекова Кенже Омирзаковна,10 сынып оқушысы Айтжан Диана биология пәнінен грамотамен марапатталды, жетекшісі Даулова Балжан.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив