25
май
2024
"Мектебім саған мың алғыс!" атты, мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиыны өтті.









Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, 100 жылдан астам тарихы бар, Шерхан Мұртаза атындағы N⁰1 мектеп-гимна зиясының іргелі арман қуған 76 түлегі болашаққа жаңа қадам басты! Бүгін, білім ордамызда, 25 мамыр - Соңғы қоңырау күніне арналған "Мектебім саған мың алғыс!" атты, мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиыны өтті. Іс - шара барысында, мектебіміздің директоры Э.Абишева биылғы оқу жылында оқушыларды және ұстаздарды, оқу жылының аяқталуымен құттықтады, ұстаздар мен ата - аналардың еңбегіне алғыс айтып, түлектерге жарқын болашақ тіледі.
"Алтын белгі" үміткерлері Әлімбек Алтынай мен Сағымбек Айым және өнерлі, белсенді түлектеріміз ұстазы мен мектебіне деген қимастық сезімдерін білдіріп, қоштасар әндерін шырқап, әсем вальстерін арнады.
Құрметті жас түлек! Егеменді елдің ұландары! Қазақстанның болашағы екендеріңді ұмытпай, қияға қанат қағып, арман қуып, биіктерге самғаңдар!