ІТ технологиялар фестивалі өтті.
7 ақпан күні №15 мектеп лицей базасында Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен <<IT-BALAQAL>>атты аудандық І-ші ІТ технологиялар фестивалі өтті.Фестивальға ауданымыздың робототехника кабинетімен жабдықталған 23 мектебінен 100 бала қатысты.Ереже бойынша фестиваль 4 кезеңнен тұрды.<<Сызық бойымен>> кезеңінде үлкен топтар арасында І орынды №1 мектеп - гимназиясының "ROBOTEK" командасы иеленді, команда құрамы Әлімжан Д және Жақсыбай Б.