Тәуелсіздік тағылымы » "Школа-гимназия №1 имени Ш.Муртазы" Жуалы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп - гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 352-13-38
Есепші бөлімі:
+7(726) 352-13-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2021

Тәуелсіздік тағылымы



Тəуелсіздік-қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол-азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры. 

Кешегі Желтоқсанның ызғарында намысты ту етіп көтерген қазақ жастары тотолитарлық режимге қарсы шығып, ақ мұзда алау жаққаны биік рухтың, елжандылықтың жарқын көрінісі. Тəуелсіздікке жол ашқан ұлт-азаттық көтерілістің соңғы серпіні болды десек қателеспеспіз. Осылайша, Көкбөрідей киесі бар, көк түріктей иесі бар қазақ халқының сағы сынбады, бағы жанды. Тағдырымызға тəубе! 
Небір қилы заманды, «тар жол тайғақ кешуді» басынан өткерген қазақ халқына Алланың мейірі түсіп, Егеменді ел атандық! 1991 жылы 16-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» конституциялық Заңы қабылданғанына да, міне, биыл-30 жыл толмақ. Осынау жылдар аясында еңсеміз биіктеп, рухымыз шалқи түсті. Төрткүл дүниеге «қазақ» деген ұлт, «Қазақстан» деген мемлекет танылды, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Шекарамыз айқындалып, жеріміз түгенделді.Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі — ең алдымен халқымыздың бақыты. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын. 
Қорыта келе айтарым, Қазақстан ертең күн шыға қауызы ашылып, сосын жан - жағына әдемілік, сұлулық сыйлайтын исі жұпар гүлдердей жайнап, құлпырып кетеріне осы елдің азаматы ретінде мен кәміл сенемін. Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең - байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау. Талай жерде құрсақта жатып, құрбан болып кете жаздаған тәуелсіздігімізді пәле жаладан аман сақтайық, ғұмыры ұзақ болғай. Ынтымағымыз жарасқан, бірліктегі ел бола берейік. Бұл мен сияқты мыңдаған қазақ халқының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! 
Тәуелсіздік алу – бұл тек бастапқы қадам. Отанымыздың болашағы біздің қолымызда. Егер әрқайсымыз жанымыздың бір бөлігін елімізге берсек, республикамыз одан әрі дами береді! Еліміздегі бүкіл ұлттар біріксе, жолымызда кездесетін барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз! 
#тәуелсіздік тағылымы#30жыл
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив