11
декабрь
2020
16 - Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерліктерін паш ету
16 - Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы
ата-бабаларымыздың ерліктерін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - әпкелеріміздің ерлігін үлгі етіп көрсету,
оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында N⁰1 Мектеп-гимназиясының 5 "А" сынып оқушылары мен Тараз қаласындағы "ЖЕЛТОҚСАН 86" орталығының меңгерушісі Қабылбекова Ләззат Бақытқызымен және сынып жетекші Ажибекова Салтанат әпкеймен бірлесіп ұйымдастырылған онлайн конференция барысында мұражайға саяхат жасалды.