"IT-BALAQAI" ІТ технологиялар фестивалі » "Школа-гимназия №1 имени Ш.Муртазы" Жуалы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп - гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 352-13-38
Есепші бөлімі:
+7(726) 352-13-38
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2020

"IT-BALAQAI" ІТ технологиялар фестивалі

ХХІ ғасыр -робототехниканың заманы. Экономикамызды ілгерілету, робототехника және инновациялық технологиялардың оқушыларда шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында 7 ақпан күні #15 мектеп лицей базасында Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен «IT-BALAQAI» атты аудандық І-ші ІТ технологиялар фестивалі өтті. Фестивальға ауданымыздың робототехника кабинетімен жабдықталған 23 мектебінен 100 бала қатысуға өтініш білдірген. Іс-шараны ашып беру үшін алғашқы сөз Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысының м.а. Г.Сыпатаеваға, Тараз қаласындағы «Benediximus» компаниясының директоры А.Абдешовке беріліп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ереже бойынша фестиваль 4 кезееңнен тұрды: «Сызық бойымен» кезеңінде кіші топтар арасында 1 орынды №4 Қ.Сағындықов ом, 2 орынды №1 мектеп-гимназиясы, 3 орынды №9 Абай ом, үлкен топтар арасында 1 орынды №1 мектеп-гимназиясы, 2 орынды №5 М.Ломоносов ом, 3 орынды №19 Д.Қонаев атындағы м-г қатысушылары иеленді. «Кегельринг» кезеңі бойынша 1 орынды №3 Қ.Қошмамбетов атындағы ом, 2 орынды №1 мектеп-гимназиясы, 3 орынды «Robotech» орталығының қатысушылары иеленді. «Робосуммо» кезеңі бойынша 1 орынды №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебі, 2 орынды №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебі, 3 орынды №14 Б.Майлин атындағы орта мектебінің командалары иеленді.
«Шығармашылық» кезеңдері бойынша 1 орынды №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі, 2 орынды №15 мектеп-лицейі, 3 орынды №2 Мыңбұлақ орта мектебінің қатысушылары иеленді.
Сондай-ақ «Командалық есеп» бойынша 1 орын №1мектеп - гимназиясы, 2 орынды №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің, 3 орынды №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының командалары иеленді.
Әр кезең бойынша және «Командалық есеп» бойынша жарыс соңында Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Керимбаева Роза Дарханбековна фестивальдің жоғары деңгейде өткендігін айтып, жеңімпаздарды білім бөлімінің I,II,III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Benediximus» компаниясының демеушілігімен жүлделі орындарға иеленген командаларға Тараз қаласы Taraz Hub IT орталығына 3 күндік сапарға шақырту алды және де ЖК «Robotech» директоры О.Тұрғынның курсына 1 күндік тегін шеберлік сыныпқа қатысуға сертификаттар тапсырылды.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив