«Қызға қырық үйден тыйым салу» дегеніміз - барлық нәрсеге тыйым деп шектеулік қойып қана қоймай, ана мен әкенің мейірімі мен алақаны арқылы тәрбиенің негізін қалау. Қыздың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге» дейтін бабаларымыз қыз бойындағы бар сұлулықты бір бұрымға сыйдырған. Мұның мән-мағынасы тереңде жатыр. Өйткені халқымыз шаштың киесі бар деп сенген.