18
апрель
2024
“Үлгілі гимназист” сайысы




Мектебімізде бастауыш сынып бірлестігінің айлығы өтуде. Айлық аясында 2 “А” сыныбының жетекшісі Адиева Кәмшаттың ұйымдастыруымен мектептің 100 жылдық мерейтойына арналған “Үлгілі гимназист” сайысы өтті. Сайыстың мақсаты жас ұрпақтың бойында сөзіне берік, ісіне адал, білімді көшбасшы қалыптастыру. Байқау 5 кезеңге жалғасты. Қазылар алқасы Аманғали Ертөрені “Үлгілі гимназист” иегері деп тапты. Аталмыш байқауға арнап Кәмшат Қуанғанқызының 2013 жылы тәмәмдаған шәкірті, бүгінде қаламы қарымды журналист, жас ақын Жақсылық Арайлының өлеңі оқылды:
Білімнің кең қалаған керегесін,
Шәкірттен аямайтын өнегесін.
Ғасыр толды сүйікті мектебіме,
Оқушы мұны қалай елемесін?!
Асып-тасып тарихтың кемерінде,
Асқақтауда айбынды беделің де.
Талай сүрлеу жолдардан өттің игі,
Тарам-тарам жүз жылдың бедерінде.
Еңсең биік, жарықсың, шуақтысың,
Ұстаздармен қашан да қуаттысың.
Дәуір бойы дүрсілі тоқтамаған,
Жуалының жүрегі сияқтысың.
Атын алған дара Шерхан атаның.
Үзбейтұғын үздік мектеп қатарын,
Жылдар бойы келесің арқалаумен,
Абыройлы гимназия атағын.
Тарихымда өнегең мол қалғасын.
Есіміңді аңыз қып ел толғасын.
Құлатпайды Эльмира Әбілқызы,
Сараев, Пак, Письмактардың ордасын.
Мектебім - куәгері қос заманның,
Өзіңде қалануда көш-қамалым.
Өмірдің белесіне ұмтылдырсын,
Сенімменен өзіңде тосқан әр күн.