12
март
2024
Балалардың болашағы - білікті ұстаздың қолында





2024 жылдың 12 наурыз күні Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп - гимназиясында мектеп - гимназия директоры Э.Абишевнаның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына" енгізілген өзгерістерді талқылау, түсіндіру мақсатында "Балалардың болашағы - білікті ұстаздың қолында" тақырыбында жиналыс болып өтті. Аталған жиналысқа Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп - гимназия ұжымы қатыстырылды.