30
январь
2024
“Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы”
Жуалы ауданының білім бөлімі, “Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығын орындау және а.ж. 23 қаңтарда Алматы қаласында жер сілкінісі орын алуына байланысты бүгін Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп гимназиясында сейсмикалық жаттығу жұмыстары жүргізілді. Дабыл соғылған сәттен мектеп ұжымы мен оқушылар мектеп ғимаратынан сыртқа шығарылып, қауіпсіз жерге тұрғызылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді







